$ 494.87  520.65  4.91

Мұхтар Тайжан достарымен бірге партия құратынын айтты

«Қырғызстанның өзінде 200-ден астам партия бар. Ал бізде небары 6-7 партия ғана...».
фото: arasha.kz
фото: arasha.kz

Мұхтар Тайжан да жеке саяси партия құрмақ. Бұл туралы бүгін ол өзінің facebook парақшасына жазды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

«Қазір біраз белсенділер партия құрамыз деп жатыр. Бұл дұрыс я табиғи нәрсе деп білем. Елімізде көп партия болуы қажет. Бізден үш есе халқы аз Қырғызстанның өзінде 200-ден астам партия бар. Ал бізде небары 6-7 партия ғана...» - дейді Мұхтар Тайжан.

«Сондықтан мен партия құруды құптаймын» деген ол, реті келсе өзінің де бір құрылымның «құлағын ұстайтын» ниеті бар екендігін жеткізді.

«Заң жүзінде бұндай мүмкіндік ашылса, біз де достарыммен бірге партия ашамыз деп жоспарлап отырмыз. Саяси бәсекелестіктің арқасында ғана қоғам дамиды», - деген жазба авторына қоғам белсендісі Дина Елгезек: «Лидер болуға қарым-қабілет бар бойда! Онда неге ашпасқа?» - деп қолдау танытқан.

Ал оппозиция өкілі Жәнібек Қожық: «Сайлау туралы, партия туралы заң өзгермей тұрып партия құру – біздің қоғамда дұрыс емес, уақыт өткізу, қаражат шашу, бос әурешілік болады», - деп қарсылық танытып отыр.

Сондай-ақ, Алім Ұлы Жақайым деген ру атымен тіркелген бүркеншік есімді желі қолданушы: «Мен, мәселен, осы біздегі заңды түрде тіркелген партияларды неше жыл зерттеп-зерделеп, анализ жасап көрдім. Бәрі бір-біріне ұқсайды және ойы да бір, сөзі де бір, пікірі де бір. Логикалық тұрғыдан алып қарасақ, бұл мүмкін емес нәрсе! Сондағы біздің партия құрудағы мақсат-мүддеміз не? Халық үшін бе, әлде, демократиялық имиджді қалыптастыру үшін бе?» - деп жазды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары