Ақтөбеде 30 жастағы ана табиғи жолмен өмірге үшем әкелді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінің хабарлауынша, жас анаға кесір тілігі жасалған. Екі қыздың салмағы 1,9 және 2,1 келі, ұлдың салмағы 2,4 келі болды.
Сәбилер мен анасы облыстық перинаталдық орталықта 14 күн дәрігерлердің бақылауында болып, үйге шығарылды.