$ 494.87  520.65  4.91

Оқушылардың тамағына бал қосып береді

2020 жылдан бастап әкімдік мектептегі бастауыш сынып оқушыларына (1-4 сынып оқушыларына – авт.) түгелдей ыстық тамақ береміз деп жоспарлап отыр.

Бүгін Нұр-Сұлтан қаласында Павлодар облысының әкімі Болат Бақауов аймақтың 10 айдағы әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы брифинг өткізіп жатыр, деп хабарлайды azattyq-ruhy.kz.

Облыс басшысы аймақта 3-6 жастағы балаларды балабақшамен қамту мәселесі толықтай шешілгенін айтты. Ал 2020 жылдан бастап әкімдік мектептегі бастауыш сынып оқушыларына (1-4 сынып оқушыларына – авт.) түгелдей ыстық тамақ береміз деп жоспарлап отыр. Сондай-ақ, тегін тамақпен бірге 5 грамм бал қосып бермек.

«Облыста үш ауысымда оқытатын мектеп пен апатты жағдайда тұрған мектептер жоқ. Білімнің сапасын арттыру үшін ұйымдардың саны да артып келеді. Екібастұз маңындағы «Солнечный» кентінде 420 орынға арналған мектеп құрылысы аяқталды. Павлодар қаласында тағы екі мектептің құрылысы басталды. Биылдан бастап көпбалалы және әлеуметтік жағдайы төмен отбасылардың балаларын түгелдей ыстық тамақпен қамтып отырмыз. 2020 жылдың қаңтарынан бастап 1-4 сынып оқушыларына түгел ыстық тамақ және әрбір балаға 5 грамм бал беріледі. Бұл - 51 мыңнан аса оқушы», - дейді әкім.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#оқушылар #бал