$ 494.87  520.65  4.91

«Мен Нұр-Сұлтанда отырып, сіздермен Павлодар туралы айтқым келмейді» - Болат Бақауов

Облыс әкіміне журналистердің рейтинг туралы қойған сауалы ұнамады.
Фото: inform.kz
Фото: inform.kz

Павлодар облысының әкімі Болат Бақауов өңір басшылары туралы жасалатын әртүрлі рейтингтердің бірінде көш бастап, бірінде ортасында жүремін дейді. Ол әкімдер рейтингіне қатысты елордалық журналистердің сұрағына «Сіздер Павлодардың патриоты емессіздер» деп жауап берді, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Негізі, астаналық журналистер Павлодар облысының әкіміне өз аймағында жүргізілген сауалнама бойынша төмен орында тұрғанын айтып, сұрақ қойған еді. 

«Мен жақында ғана басқа рейтингті көрдім. Ортасында жүр екенмін. Түрлі-түрлі рейтингтер бар ғой. Мысалы, он оқырманы бар адам делік. Ол сауалнама жүргізгенде сегізі қарсы болып, екеуі қолдаса, адамдардың сексен пайызы қарсы болып шығады ғой. Менің ойымша, ең күрделі рейтинг - Президент әкімшілігі жасаған рейтинг. Онда берілген тапсырманың орындалу деңгейі, меморандумдар саны, жолдардың сапасы, жол апаттарының саны, тағы да басқа көрсеткіштер бар», - деді Болат Бақауов.

Облыс әкіміне журналистердің рейтинг туралы қойған сауалы ұнамады.

«Сіздермен бірге біздің өңірдің рейтингісін жасайық. Мен Нұр-Сұлтанда отырып, сіздермен Павлодар туралы айтқым келмейді. Өйткені, сіздер біздің облыстың патриоты емессіздер. Егер сіздерді Павлодар облысы қызықтырса, сонда барып жұмыс істеңіздер», - деді ол.

Еске сала кетсек, жақында журналист Қайнар Олжайдың Павлодар облысының әкімін "жеккөретінін" мәлімдегені туралы жазған болатынбыз. Оған Болат Бақауовтың атып алған қаз-үйректерін қайықтың ішіне толтырып алып түскен суретін мақтан үшін әлеуметтік желіге жүктегені ұнамай қалған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары