$ 494.87  520.65  4.91

«Мен өзімді ұсынамын!»: Лукашенко 2020 жылғы президенттік сайлауға түседі

Сонымен қатар, ол белорустардың осы лауазымға өз кандидатурасын ұсынуын дұрыс деп санайтынын және оған тек халықтың қарсы шыға алатынын айтты.
Фото: https: 112.ua
Фото: https: 112.ua

Беларусь Республикасының басшысы Александр Лукашенко келер президенттік сайлауда өз кандидатурасын ұсынады, - деп хабарлайды kaz.tengrinews.kz порталы РИА Новостиге сілтеме жасап.

 "Мен саусақтарым көгергенше бұл креслоны ұстап отырмаймын (президенттік - ред.)", - деп мәлімдеді Лукашенко жексенбіде Минскіде 2020 жылы болатын президенттік додаға қатысуы туралы сұрақтарға жауап беріп. 

Сонымен қатар, ол белорустардың осы лауазымға өз кандидатурасын ұсынуын дұрыс деп санайтынын және оған тек халықтың қарсы шыға алатынын айтты. 

"Сұрамасаңыздар, мен кандидатурамды ешқашан алмаймын... Мен өзімді ұсынамын", - деді Лукашенко журналистерге. Лукашенко, сондай-ақ, 2020 жылғы президенттік сайлау жазда өтетінін мәлімдеді. "Тамыздың аяғы - соңғы мерзім. Менің ойымша, осы жазда бұл сайлау өтеді", - деді ол.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары