$ 494.87  520.65  4.91

Бүгін еліміздің басым бөлігінде ауа райы ашық болады

Тек республиканың солтүстігі мен шығыс бөлігінде кей қар жауады. Кей жерлерде жел күшейеді, тұман, жаяу бұрқасын, көктайғақ болады.
Фото: ru.sputniknews.kz
Фото: ru.sputniknews.kz

Республиканың басым бөлігінде антициклон жотасының әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы болады.  Бұл туралы "Қазгидромет" РМК хабарлады, деп жазды baq.kz порталы.

Тек республиканың солтүстігі мен шығыс бөлігінде қар жауады. Кей жерлерде жел күшейеді, тұман, жаяу бұрқасын, көктайғақ болады.  

Ақмола, Павлодар облыстарында жаяу бұрқасын болады, жел 15-20 м/с күшейеді. Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстарының көктайғақ болып жел 15-20 м/с күшейеді.

Жамбыл, Түркістан, Қызылорда, Маңғыстау, Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қостанай, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде тұман түсуі ықтимал. Бірақ күн жылы болады. 

Қарағанды мен Жамбыл облыстарының кейбір аймақтарында жел 15-20 м/с күшейеді, Қостанай облысының көктайғақ болады деп күтілуде. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#ауа райы