25.12.2015, 14:25

Ұлттық қауіпсіздік комитетін Владимир Жұмақанов басқарады

Елбасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінде оның төрағасы Н.Әбіқаевты зейнет жасына жетуіне және басқа жұмысқа ауысуына байланысты лауазымынан босату туралы шешім қабылдағанын айтты.

– Ол менің қасымда ұзақ уақыттан бері жұмыс істеп, қойылған міндеттерді тиянақты орындап келеді. Сондықтан Мемлекет басшысы ретінде оған алғыс білдіремін, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Сондай-ақ Қазақстан Президенті басшылық құрамға комитеттің жаңа төрағасы В.Жұмақановтың кандидатурасын таныстырды.

– Ол – кадрлық қызметкер, сіздермен бірге көп жылдан бері жұмыс істеп келеді. Істің жайымен, комитеттің қызметімен жақсы таныс. Мен оған сенемін, сондықтан да оны таңдадым. Алдына қойылған міндеттерді орындайды деп үміттенемін, – деді Мемлекет басшысы.

В.Жұмақанов жаңа лауазымына кандидатурасы Парламент Сенатымен келісілгеннен кейін тағайындалады.

Нұрсұлтан Назарбаев комитет конституциялық құрылымды қорғап, елдің қауіпсіздігін қамтамасыз ететіндіктен, оған зор жауапкершілік жүктелгенін атап айтты.

Кездесу қорытындысы бойына Мемлекет басшысы бірқатар нақты тапсырма берді.