Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік сапармен Қырғызстанға келді. Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook-парақшасында хабарлады. Оны Бішкектегі «Манас» халықаралық әуежайынан Қырғызстан Республикасының Президенті Сооронбай Жээнбеков қарсы алды.
Сапар аясында жоғары деңгейдегі келіссөздер мен бірқатар екіжақты құжаттарға қол қою жоспарланған. Сондай-ақ екі елдің көшбасшылары баспасөз үшін бірлескен мәлімдеме жасайды.
Сонымен қатар, Мемлекет басшысы Қырғызстан Президентімен бірлесіп "Ата-бейіт" ұлттық тарихи-мемориалдық кешені мен Шыңғыс Айтматовтың мұражай-үйіне барады.
Ертең Қасым-Жомарт Тоқаев Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы Ұжымдық Қауіпсіздік Кеңесінің сессиясына қатысады.