Сара Назарбаева «SOS Қазақстан балалар ауылы» корпоративтік қорының 25 жылдығына арналған салтанатты іс-шараға құттықтау сөзін жіберді. Оның құттықтау сөзін «SOS Қазақстан балалар ауылы» қамқорлық кеңесінің бірінші төрағасы, Сара Назарбаеваның жақын досы Галина Суворова оқып берді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы, tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.
«Сіздерді «SOS Қазақстан балалар ауылы» қорының туған күнімен құттықтаймын. 25 жыл бұрын біздің президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы ресми сапары кезінде мені SOS Kinderdorf International Австрия қорының өкілдерімен таныстырды. Мен 1999 жылы ұлы гуманист Герман Гмайнердің соғыста ата-аналары қаза тапқан балаларға арнап салған ауылына бардым. Биыл австриялық қор 70 жылдығын атап өтуде. Мен көргенімнен үлкен әсер алдым. Ол жердегі адамдар нағыз энтузиасттар маған өте қатты ұнады, Қазақстанда жаңа үлгідегі балалар үйлерін салу бойынша SOS Kinderdorf International-мен ынтымақтастық идеясы көңіліме жақты.
Біздің SOS-ауылдардағы аналар мен балалардың кездесулерін әрдайым қуана еске аламын. Кішкентай балалардың саусақтарын ұстап, оларды құшақтау үлкен сезімге бөлейді. Мен SOS аналарымызға балаларға қамқорлық танытқаны үшін ерекше алғысымды білдіремін. Балаларға өмірде табыс, барлығына денсаулық, бақыт және махаббат тілеймін. Туған күніңмен, «SOS Қазақстан балалар ауылдары». Құрметпен, Сара Алпысқызы», - деп жазылған хатта.
Айта кетсек, Сара Назарбаева Нұрсұлтан Назарбаев президенттік қызметінен бас тартқаннан кейін (19 наурыз 2019 жыл) ел арасында көрінбеген. Соңғы кездеcуі 2019 жылы наурыз айының басында болыпты. Хабар арнасындағы «Өзін-өзі тану» бағдарламасы көрсеткен бұл бейнежазбада Сара Алпысқызы Алматыдағы «Бөбек» орталығында колледж түлектерімен кездесіп, адами құндылықтар туралы айтқан.
Бұрындары ол Елбасының ресми сапарлары кезінде бірге жүретін. Кейін сапарларға Елбасы жалғыз баратын болды. Қоғамда осыған байланысты талқылаулар да көп болған.