30.11.2019, 22:00

«Миыңызды тексеріп алғаныңыз жөн»: Ердоған Макронға дәрігерге қаралуын өтінді

Фото: eadaily.com
Бұған қоса Ердоған Түркия НАТО үшін маңызды болып саналатын мемлекеттердің бірі екендігін қосты.

Түркия елінің президенті Реджеп Тайип Ердоған Франция басшысы Эмманюэль Макронның НАТО-ның "миы өлді" деген сөзіне дөрекі жауап қайтарды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.  

"Макрон НАТО-ның миы өлді деп айтқан еді. Құрметті Макрон мырза, сіз алдымен өз миыңызды тексерген жөн болар. Себебі мұндай сөзді өзінің миы өлген адам ғана айтады", - деді Түркия президенті. 

Бұған қоса Ердоған Түркия НАТО үшін маңызды болып саналатын мемлекеттердің бірі екендігін қосты. 

Естеріңізге сала кетейік, The Economist журналына берген сұқбатында Макрон "НАТО-ның миы өліп, комаға түсіп қалған" деген теңеу айтқан еді. Оның айтуынша, НАТО-дағы АҚШ және басқа мемлекеттердің арасындағы стратегиялық байланыс мүлдем жоқ көрінеді.