Шымкент қаласы, Қаратау ауданында Елбасының «100 нақты қадам» Ұлт жоспары негізінде Жаңа форматтағы «Атаулы әлеуметтік көмек» жүзеге асырылуда, деп хабарлайды Sn.kz.
Аудан әкімі Абзал Әліқұлов журналистерге арналған баспасөз жиынында 2019 жылдың 10 айында Атаулы әлеуметтік көмек алуға құжат тапсырған 26332 отбасының 23541-не оң қорытынды берілгенін айтты.
Ал бір реттік әлеуметтік көмек алуға құжат тапсырған 1829 отбасының 1637-не оң қорытынды берілді.
Сондай-ақ, қала аумағында өтіп жатқан «Біз біргеміз» акциясы аясында жекеменшік 68 мекемеге мүмкіндігі шектеулі азаматтарға қолайлы орта (пандус) қалыптастырылды.