$ 494.87  520.65  4.91

200 мыңнан астам абонент бар

Бөлім жетекшісі Бахыт Жолдаровтың сөзінше, мұнда күніне шамамен 100 адам түрлі сұрақтармен жүгінеді екен. Оларды көбін су және кәріз жүйесінің тарифтері, канализациялық жүйелердің жаңаруы, санитарлық-қорғау аймағының сақталуы сынды мәселелер қызықтырады.
фото: slide-share.ru
фото: slide-share.ru

«Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС-не келгендер бірінші кезекте азаматтарды қабылдау бойынша қызмет көрсету бөліміне ат басын бұрады. Сондықтан да мекеменің жұмысын баяндап, жаңалығымен бөліскен Анарбек Орман жиналғандарды осы бөлімнің жұмысымен таныстыруды жөн көрді, деп хабарлайды Sn.kz.

Бөлім жетекшісі Бахыт Жолдаровтың сөзінше, мұнда күніне шамамен 100 адам түрлі сұрақтармен жүгінеді екен. Оларды көбін су және кәріз жүйесінің тарифтері, канализациялық жүйелердің жаңаруы, санитарлық-қорғау аймағының сақталуы сынды мәселелер қызықтырады. Әр азаматтың мәселесіне қарай бөлім жетекшісі оны тиісті сала маманына жолдайды. Керек болса, қажетті құжаттардың тізімін береді.

Басшылықтың қабылдауына жазады. Айтуынша, күніне басшылықтың қабылдауына 20-30 адам жазылады. Бірнешеуін сала-сала бойынша мамандарға жібереді. Қалғандары мәселесін осы кабинеттен шыққпай-ақ шешетін көрінеді. Бір сөзбен айтқанда су арнасына келген кез келген азамат Бахыт Жолдаровтың алдынан өтеді. Маман оларға кеңес беріп қана қоймай, тұрғындардың мәселесінің оң шешімін тапқанын қадағалап та отырады.

«Су ресурстары — Маркетинг» ЖШС-нің жұмысымен танысу барысында мекеме Шымкент қаласымен Сайрам ауданын қосқанда 1 миллионға жуық адамды таза ауыз сумен қамтамасыз ететінін білдік. Бұл дегеніміз 117 мың жеке тұрғын үй, 85 мың көп қабатты тұрғын үй. Сондай-ақ, мекеме 6000-нан астам заңды тұлғаға қызмет көрсетеді. Заңды тұлғалармен жұмыс істеу бөлімінің жетекшісі Әзиза Ибраимованың берген мәліметіне сүйенсек, 6000 абоненттің 420- сы бюджеттік мекеме болса, қалғандары жеке кәсіпорындар.

Жеке тұлға болсын, мейлі заңды тұлға болсын қызмет ақысын ағымдағы айдың 25-ші жұлдызына дейін төлеуі тиіс. Ал төлем ақысын 2 айдан кешіктіргендерге мекеме қызмет көрсетуден бас тардады. Бүгінгі таңда мекеме алдында қарызы бар заңды тұлғаның бірі «Сайрам» ЖШС. Бұл мекеменің су арнасы алдында 5 млн теңгеге дейін қарызы бар. Әзиза Ибраимованың айтуынша, қарызданушылардың қатарында білім ошақтары да бар. Дегенмен, су арнасы бұл мәселеден шығудың тиімді жолын қарастырады екен.

Айта кетейік, негізі Шымкент қаласында су арнасы осыдан 57 жыл бұрын құрылған. Ол кезде оның атауы «Водоканал» болатын. Ал «Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС 1998 жылы құрылыпты. Осы аралықта мекеме Шымкенттіктер мен Сайрам ауданының тұрғындарын таза ауызсумен қамтамасыз етіп келеді. Сондай-ақ, мекеме кәріз жүйесінің қызметіне де жауапты.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары