$ 448.15  483.46  4.86

Құрылыс жұмыстары жыл соңына дейін аяқталады

Аудан аумағында орналасқан 11 шағынаудан мен 11 тұрғын алап, 2 саяжайда 247 мыңнан астам халық тұруда. Аудан көлемі 32 256 гектарды құрайды.

Шымкент қаласы Қаратау ауданы әкімі еліміздің қарқынды дамуы мен өркендеуі жолында Президентіміз Қ.Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауын халық арасында кеңінен насихаттау бойынша ағымдағы жыл басынан бастап 17 рет кездесу өткізіліп, 20 мыңнан астам тұрғын қамтылғанын баяндады, деп хабарлайды Sn.kz.

Аудан аумағында орналасқан 11 шағынаудан мен 11 тұрғын алап, 2 саяжайда 247 мыңнан астам халық тұруда. Аудан көлемі 32 256 гектарды құрайды.

Аудан бойынша 47 202 жеке тұрғын үй болса, оның 37 511 яғни, 79,5% тұрғын үй тәулік бойы сапалы ауыз сумен қамтылса, 5 211 тұрғын үй, 11,2% — кесте бойынша, ал тасымал сумен қамтылғаны 4 431 үй, бұл — 9,3% құрайды.

Қазіргі уақытта, Сайрам тұрғын алабы жаңақұрылыс аумағы тұрғындарын сапалы ауыз сумен толық қамту мақсатында құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Құрылыс жұмыстарының аяқталу мерзімі 2019 жылдың соңы. Достық шағынауданында ауыз сумен қамту құрылыс жұмыстары атқарылуда. Пайдалануға беру мерзімі - 2020 жыл. 

Ал Тассай тұрғын алабы мен Тұран ш/а ауыз сумен қамту жұмыстары қаржы тапшылығына байланысты уақытша тоқтап тұр. Сонымен қатар Асар-2 шағынауданының ішкі орамдық көшелері мен Қайнарбұлақ тұрғын алабының магистралды ауыз су құбырының ЖСҚ-сы дайын. Құрылыс жұмыстары 2020 жылы басталатын болады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары