$ 494.87  520.65  4.91

Қауіпсіздікті қамтамасыз ету жұмыстары жүргізілді

Әкімнің айтуынша, бейнебақылау камералары қаржы бөлінуіне орай орнатылатын болады.

Шымкент қаласы Қаратау ауданы аумағындағы көп қабатты тұрғын үйлер мен көше бойларында қылмыстардың алдын алу мен қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында, 67 орынға бейнебақылау камераларын орнатуға қалалық Полиция департаментіне ұсыныс жолданды, деп хабарлайды Sn.kz.

Бұл туралы аудан әкімі Абзал Әліқұлов журналистер жиынында баяндады. Әкімнің айтуынша, бейнебақылау камералары қаржы бөлінуіне орай орнатылатын болады.

Сонымен қатар, аудан аумағындағы орталық маңызы бар 79 көшені жарықтандыруға ұсыныс берілген. Нәтижесінде, Ақжайық ш/а – 3 көше, Қайнарбұлақ саяжайы – 1 көше, Қайтпас ш/а – 2 көше, Орманшы т/а – 2 көше, Шапырашты т/а – 2 көшені  жарықтандыруға жобалық-сметалық құжаттары әзірленіп, бюджетке ұсынылды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары