«Nur Otan» партиясы Шымкент қалалық филиалында «Кедергісіз келешек» партиялық жобасы аясында азаматтарды бірыңғай тақырыптық қабылдау өтті, деп хабарлайды Sn.kz.
Қабылдауды қалалық партия филиалы төрағасының орынбасары, Шымкент қалалық маслихаттағы «Nur Otan» партиясы фракциясы жетекшісі Бекайдар Төлегенов, Шымкент қалалық Денсаулық сақтау басқармасы, Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы, Тұрғын үй инспекциясы өкілдері, Шымкент қалалық мүгедектер қоғамдастық бірлестігінің төрағасы Владимир Торопов жүргізді.
Қабылдауға 20-ға жуық азамат қатысты. Азаматтардың әлеуметтік, денсаулық мәселелерімен қатар, мүмкіндігі шектеулі азаматтардың денсаулығына қатысты, оларға кедергісіз орта құру бойынша толғандырған сұрақтарына жауаптар беріліп, бірқатар мәселелер бойынша арнайы тексеру жүргізілетін болды.