$ 494.87  520.65  4.91

Шымкент: 24,6 млрд теңгеге 25 нысанның құрылыстары жүргізіліп пайдалануға берілді

«Бір-екі қызметкердің дұрыс емес шешімінің салдарынан бүкіл халық зардап шекпеуі тиіс», - деді Ерлан Айтаханов.

Жуырда Шымкент қаласының әкімі Е. Айтахановтың төрағалығымен өткен мәжілісте «Нұрлы жол» инфрақұрылымды дамытудың 2015 – 2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру және 2020 – 2025 жылдарға арналған жобасы мен мемлекеттік-жекеменшік әріптестік жайында мәселелер көтерілді, деп хабарлайды Sn.kz.

Энергетика және коммуналды шаруашылық басқармасы басшысының орынбасары Н.Жаманкөздің айтуы бойынша бүгінде «Нұрлы Жол» инфрақұрылымды дамытудың 2015 – 2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы аясында жалпы 24,6 млрд теңгеге 25 нысанның құрылыстары жүргізіліп пайдалануға берілген.

— Кәріз жүйелерін жүргізу (210,1 км), магистралды жылу құбырларының қайта құру жұмыстары (20 км);
-9 мектеп (7200 орын);
-2 инженерлік-коммуникациялы инфрақұрылым нысандары;
-4 автокөлік жолдары;
-2 тұрғын үй құрылысы (7,4 мың шаршы метрді құрайтын 288 пәтер) сынды атқарылған жұмыстар бойынша қалалық құрылыс басқармасының басшысы Е.Ахметов шаһар басшысына баяндады.

Өз кезегінде Ерлан Қуанышұлы инфрақұрылым жүргізбей тұрғын үй салу дұрыс емес екенін айтты.

«Бүгінде орын алып жатқан негізгі проблемалар осының салдарынан орын алуда. Бір-екі қызметкердің дұрыс емес шешімінің салдарынан бүкіл халық зардап шекпеуі тиіс», - деді Ерлан Айтаханов.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары