$ 448.15  483.46  4.86

«Nur Otan» партиясынан көмек сұрады

Мүмкіндігі шектеулі азаматтарды Бірыңғай тақырыптық қабылдау «Кедергісіз келешек» партиялық жобасы шеңберінде өткізіліп отыр.

«Сынақ» мүгедектер қоғамы» қорының төрағасы Мұрат Жетпіспаев бірқатар қалалық емханаларда мүмкіндігі шектеулі азаматтарға мүлдем жағдай жасалмағанын, мүгедектерге тегін дәрі-дәрмек қарастырылмағанын айтып, «Nur Otan» партиясынан көмек сұрады, деп хабарлайды Sn.kz.

Бұл мәселе бойынша партиялықтар арнайы комиссия құрып медициналық көмекпен қамтамасыз ету барысына тексеру жүргізетін болды.

— Мүмкіндігі шектеулі азаматтарды Бірыңғай тақырыптық қабылдау «Кедергісіз келешек» партиялық жобасы шеңберінде өткізіліп отыр. Қабылдау барысында көкейдегі сауалдарын айтып, үмітінің ақталарына сеніп келген азаматтарға мамандар кеңес берді. Бірнеше мәселелер қабылдау жүргізу барысында шешілді.

Бірқатары бойынша арнайы тексеру жүргізетін болдық. Мақсатымыз мүмкіндігі шектеулі азаматтардың әлеуметтік жағдайын жақсарту және мүдделерін қорғауды қамтамасыз етуге ықпал ету, — дейді фракция жетекшісі Бекайдар Төлегенов.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары