$ 494.87  520.65  4.91

«QR-code» үлгісіндегі тақтайша орнату жұмыстары атқарылды

Ал аудандағы атауы жоқ 81 көшеге атау беру бойынша тиісті жұмыстар жалғасын табуда.
фото: yvision.kz
фото: yvision.kz

Қазақстан Республикасы Президент Әкімшілігінің тапсырмасымен көшелерге кісі есімін беру тоқтатылған (мораторий). Алайда, жер-су, таулардың, табиғи көріністердің атауларын беру жұмыстары жүргізілуде, – деп хабарлайды Sn.kz.

Шымкент қаласы, Қаратау ауданында бүгінге дейін, аудан аумағындағы көшелерге атау беру мәселесі бойынша тұрғындармен өткізілген жиналыстардың хаттамалары толтырылып, 287 көшенің құжаттары қалалық мәдениет және тілдерді дамыту басқармасына жолданған.

Бұл туралы журналистермен кездесуде аудан әкімі Абзал Әліқұлов мәлім етті. 

Ал аудандағы атауы жоқ 81 көшеге атау беру бойынша тиісті жұмыстар жалғасын табуда. Сонымен бірге, ауданымыздағы 319 көп қабатты тұрғын үйге «QR-code» үлгісіндегі тақтайша орнату жұмыстары атқарылды.
Сонымен қатар, жаңақұрылыс аумағындағы 9 аялдамаға атау беру бойынша тұрғындармен хаттамалар толтырылып, Шымкент қаласы энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасына жолданды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#Қаратау #көше