Шымкент қаласындағы «Көрме» орталығында «AgriTek Shymkent 2019» халықаралық мамандандырылған ауыл шаруашылығы көрмесінде АҚШ-тың Қазақстандағы елшісі Уильям Мозер Шымкенттің ауыл шаруашылығы саласына қарқынды күш салып жатқанына ерекше тәнті екенін жеткізе отырып, шымкенттік шаруаларды және тиісті мамандарды АҚШ-қа тәжірибе алмасуға шақырды, деп хабарлайды Sn.kz.
Өз кезегінде қала тұрғындары мен қонақтарының назарына ауылшаруашылық техникасы мен жабдықтары, қосалқы бөлшектер, суару және тыңайту технологиялары, жылыжайлар, тұқымдар мен екпелерді, тыңайтқыштарды, өсімдіктерді қорғау құралдары, мал шаруашылығына арналған технологиялар ұсынылды.
Халықаралық көрмеде отандық және шетелдік компаниялар мен кәсіпорындар қаланың аграрлық саладағы жетістіктерін көрсетіп қана қоймай, олармен іскерлік байланысты нығайтып, озық технологиялар туралы пайдалы мағлұматтар алды.