$ 494.87  520.65  4.91

Президентке Шымкент қаласының даму жоспары баяндалды

Кездесу барысында үшінші мегаполис басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа тұрғындардың әл-ауқатын арттыру және қалаға қосылған аумақтардың инфрақұрылымын дамыту жайында баяндады.

Жуырда Мемлекет басшысы Шымкент қаласының әкімі Ерлан Айтахановты қабылдап, шаһар басшысы қаланың дамуын баяндады, деп хабарлайды Sn.kz.

Кездесу барысында үшінші мегаполис басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа тұрғындардың әл-ауқатын арттыру және қалаға қосылған аумақтардың инфрақұрылымын дамыту жайында баяндады. Сондай-ақ кездесу барысында Президентке Шымкент қаласын дамытудың үшжылдық жоспары ұсынылды.

Мемлекет басшысы Шымкент қаласының әкіміне қала төңірегін электр қуаты, газ, ауызсу және жол секілді қажетті инфрақұрылымдармен қамтамасыз ету жұмыстарын белсенді  жүргізу аса маңызды екенін айтты.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары