$ 447.4  477.55  4.76

Шымкент қаласын цифрландыру бойынша бірқатар ұсыныстар айтылды

Қазір әрбір ата-ананың балабақшаның, мектептің қазіргі жағдайын ақпараттық жүйеден көре алу және электронды түрде өтініш жолдау мүмкіндігі бар. Сонымен қатар, кез келген тұрғын дәрігердің жұмыс кестесін ақпараттық жүйе арқылы көріп, оның бос уақытына сәйкес алдын ала жазылуына болады.

Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметінің хабарлауы бойынша, Бүгінде мегпаолисте сыбайлас жемқорлық көріністерінің алдын алу мен мемлекеттік органдар жұмысының ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында сыбайлас жемқорлық тәуекелі ең жоғары салалар мен әлеуметтік маңызды қызметтер болып есептелетін білім, денсаулық сақтау және сәулет, қала құрылысы салаларының қызметтері автоматтандырылған, деп хабарлайды Sn.kz.

Қазір әрбір ата-ананың балабақшаның, мектептің қазіргі жағдайын ақпараттық жүйеден көре алу және электронды түрде өтініш жолдау мүмкіндігі бар. Сонымен қатар, кез келген тұрғын дәрігердің жұмыс кестесін ақпараттық жүйе арқылы көріп, оның бос уақытына сәйкес алдын ала жазылуына болады. Шымкент қаласында бұл жүйе қазіргі таңда толық жұмыс жасап тұр.

Форум барысында осы жұмыстарды одан әрі жалғастырудың жолдары мен тетіктері нақты талқыланып, қорытындысы бойынша шешу жолдары ұсынылатын болады. Сонымен қатар форумда Шымкент қаласын цифрландыру бойынша бірқатар ұсыныстар айтылып, нақты жүзеге асырылатын жаңа жобалардың таныстырылымы өтеді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары