Шымкент қаласы Қаратау ауданының әкімі Абзал Әліқұлов осылай деп мәлімдеді, деп хабарлайды Sn.kz.
Аудан аумағында жалпы – 47 202 тұрғын үй қоныстанған болса, оның 38 142 үй, яғни (80,8%) — қалалық энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасы мен «Оңтүстік Жарық Транзит» мекемесінің балансындағы, ал, 9 060 үй (19,2%) жекеменшіктегі электр трансформаторлары арқылы электр жарығын пайдалануда.
Бүгінгі таңда Сайрам аумағы Тассай бөлімшесі мен Қайтпас, Нұртас шағынаудандарындағы 594 отбасы сапалы электр жарығымен қамтылды.
Асар-2, Достық шағынаудандары мен Тассай, Шапырашты, Өтеміс тұрғын алаптарында электр жарығымен қамту құрылыс жұмыстары жүргізілуде. 2020 жылы 6 146 отбасы толық сапалы электр жарығымен қамтылатын болады.
Ал Қайнарбұлақ тұрғын алабын сапалы электр жарығымен қамту мақсатында ЖСҚ-сы әзірленген. Құрылыс жұмыстары 2020 жылға жоспарланған.