$ 498.34  519.72  4.85

«Рухани жаңғыру»: Алматыда әзербайжан мәдениеті мен салт-дәстүрі дәріптелді

Әзербайжан этносы Қазақстанда тұратын халықтардың саны бойынша 10-шы орында. Алматының өзінде 10 мыңға жуық әзербайжан тұрады.

Алматыда «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Қазақстан халқы Ассамблеясының ұйымдастыруымен Қазақстандағы әзербайжан этносының мәдениеті және салт-дәстүріне арналған мерекелік іс-шара өтті, деп хабарлайды Sn.kz.

Шараның мақсаты – «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыра отырып, қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті нығайту; қазақстандық этнос өкілдерінің мәдениетін насихаттап, азаматтық біртектілік қалыптастыру; қазақстандық бауырлас халықтар арасында әріптестік байланыс орнатып, достық қарым-қатынастарды арттыру.

Достық үйінде өткен шарада ҚХА Төрағасының орынбасары – Хатшылық меңгерушісі Жансейіт Түймебаев әзербайжан этномәдени бірлестігінің мәдениеті мен дәстүрлері күнімен құттықтады.

«1992 жылы Қазақстанда «Тұран» тұңғыш әзербайжан мәдениет орталығы құрылған болатын. 2007 жылы «Әзербайжандар қауымдастығы» республикалық қоғамдық бірлестігі құрылды. Жалпы, бүгінгі күні елімізде 32 әзербайжандық этномәдени бірлестік жұмыс атқаруда. Әзербайжан тілінде «Ватан» газеті шығарылып тұрады. Мемлекеттік тіл мен әзербайжан тілін үйрететін, салт-дәстүр, әдет-ғұрып, музыка және би үйрену курстары жұмыс істейді. «Бахар» бишілер тобы, ұлттық-аспап және фольклорлық ұжымдар құрылғанын» атап өтті Жансейіт Түймебаев.

Фестиваль аясында «Халықтың бірлігі – Елдің күші» тақырыбында дөңгелек үстел, қолданбалы өнер көрмесі, «Кітап – халықтың жан дүниесін білудің кілті» атты кітап көрмесі, шығармашылық ұжымдардың концерті, сондай-ақ «Достық дастарханы» атты әзербайжандардың ұлттық асханасы тағамдарының көрмесі ұйымдастырылды.

Айта кетейік, әзербайжан этносы Қазақстанда тұратын халықтардың саны бойынша 10-шы орында. Алматының өзінде 10 мыңға жуық әзербайжан тұрады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары