$ 494.87  520.65  4.91

«Рухани жаңғыру»: Алматыда гендерлік тендік талқыланды

БҰҰ-ның, азаматтық қоғамның, жеке сектордың және басқа да мүдделі тараптардың күш-жігерін біріктіруге арналған жиынға қатысушылар қоғамдағы әйел-ананың рөліне тоқталып, баяндама жасады.

Алматыда «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «БҰҰ-Әйелдер» ұйымы мен Сыртқы істер министрлігінің ұйымдастыруымен 2030 жылға дейінгі кезеңге арналған гендерлік теңдік саласындағы міндеттерді орындауға бағытталған жиын өтті, деп хабарлайды Sn.kz.

БҰҰ-ның, азаматтық қоғамның, жеке сектордың және басқа да мүдделі тараптардың күш-жігерін біріктіруге арналған жиынға қатысушылар қоғамдағы әйел-ананың рөліне тоқталып, баяндама жасады.

БҰҰ-әйелдер ұйымының Еуропа және Орталық Азия елдері бойынша өңірлік директорының орынбасары Блерта Чела өзінің құттықтау сөзінде М.Әуезовтің «Әйел бір қолымен бесікті тербетсе, екінші қолымен әлемді тербетеді» деген сөзін мысал ретінде келтіріп, гендерлік теңдік күн тәртібінің 2030 жылға дейінгі негізгі басымдығы екенін, мұны жүзеге асыру – бүгінгі заманның өзекті мәселелерін шешуде, әсіресе, нәзікжандыларүшін жақсы мүмкіндік екенін тілге тиек етті. «Әйелдер мен қыздардың құқығын сақтауды қамтамасыз ету арқылы ғана біз әділдік пен интеграцияға қол жеткізе аламыз, сондай-ақ болашақ ұрпағымыз үшін қоршаған ортаны сақтайтын экономиканы құра аламыз» деді ол.

«GreenTechnology Industries» ЖШС-ның атқарушы директоры Клара Әбдірахманова жиынға Шымкенттен бизнес өкілі ретінде арнайы келгенін, өз тәжірибесінде ауыл әйелдерін жұмыспен қамтуға көбірек мән беретінін жеткізді. «Шымкенттің маңында Бадам ауылы бар. Өкінішке қарай, ауылда жұмыссыз отырған әйелдер көп. Сондықтан бірінші кезекте әйелдерді жұмыспен қамтуға тырысамын. Олар тек үй жұмысымен айналыспай, өзін-өзі дамытса, деңгейін көтерсе, білімін жетілдірсе деген мақсат», - деді К.Әбдірахманова.

Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия төрағасының орынбасары Елена Тарасенко,

Экономикалық зерттеу институтының басқарма төрағасының орынбасары Шахарбану Жакупова, Қырғызстан Республикасы Еңбек және әлеуметтік даму министрлігінің гендерлік мәселелер департаментінің директоры Роза Бекматова, «NIHOL» бастамаларын дамытуды қолдау орталығы, ҮЕҰ Кеңесінің төрағасы Ширин Рашидова және т.б. сөз сөйледі.

Жиында Орталық Азия елдері өңірдегі тұрақты даму мақсаттары шеңберінде гендерлік теңдіктің мақсатты көрсеткіштеріне қол жеткізудегі ілгерілеуді жеделдету жөніндегі бірлескен іс-қимыл жоспарын қабылдау үшін сарапшылардың өңірлік кеңесі құрылды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары