Саясат 08.12.2019 сағат 21:00

Өзбекстандағы парламент сайлауын бақылауға елімізден 65 адам барады

Екіжақты негізде жіберілетін байқаушылар Қазақстан Республикасының өңірлерін ұсынады. Олардың ішінде 49-ы аумақтық сайлау комиссияларының босатылған мүшелері.
Өзбекстандағы парламент сайлауын бақылауға елімізден 65 адам барады
Фото: baq.kz
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

2019 жылғы 22 желтоқсандағы Өзбекстан Республикасының парламеннтік сайлауына Қазақстан Республикасынан баратын байқаушылардың тізімі бекітілді,-деп хабарлайды baq.kz порталы.

ОСК баспасөзінің мәліметіне қарағанда, Өзбекстан Республикасының парламенттік сайлауына Қазақстан Республикасынан жіберілетін байқаушылардың тізімін бекіту туралы Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Анастасия Щегорцова баяндама жасады.

Тізімге Қазақстан Республикасынан барлығы 65 бақылаушы енгізілді, оның ішінде:

7 - Өзбекстан Республикасы ОСК шақыруы бойынша;

51 - екі жақты негізде;

5 - сайлауды байқау жөніндегі ЕҚЫҰ/ДИАҚБ Миссиясының құрамында;

2 – ШЫҰ-ның сайлауды байқау жөніндегі миссиясының құрамында.

Екіжақты негізде жіберілетін байқаушылар Қазақстан Республикасының өңірлерін ұсынады. Олардың ішінде 49-ы аумақтық сайлау комиссияларының босатылған мүшелері.

ЕҚЫҰ/ДИАҚБ байқаушылар миссиясына 5 кандидат енгізілді: 1 - Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясынан; 4 - Қазақстан Республикасының үкіметтік емес ұйымдарынан.

ШЫҰ байқаушылар миссиясының құрамына «ҚР ОСК ИТО» РМК қызметкерлері болып табылатын 2 кандидат енгізілді.

Бұдан басқа, Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты мен Мәжілісінің ақпараты бойынша ТМД ПАА және ЕҚЫҰ ПА делегацияларының құрамына 12 қазақстандық депутат қатысады деп жоспарлануда.

Естеріңізге сала кетейік, 22 желтоқсанда Өзбекстанда Олий Мажлистің заңшығарушылық палатасына және жергілікті кенгештерге депутаттар сайлауы өтеді.

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Аптасына бір рет ең танымал мақалалардың дайджесін жібереміз

Қызықты материалдар