$ 445.66  474.58  4.78

Иран АҚШ-пен тұтқын алмасты

Екі мемлекеттің тұтқындармен алмасуы Швейцария үкіметінің араласуыменен жүзеге асты.

Иран мен АҚШ тұтқындармен алмасты. Вашингтон Тегеранға былтыр Миннесотада «тыңшылықпен айналысты» деп ұсталған ирандық ғалым Масуд Солейманды қайтарды,-деп хабарлайды 24.kz7

Ал Иран Құрама Штаттарға 2016 жылы дәл осындай айыппен қамауға алынған америкалық студент Сюэ Ванды берді. Екі мемлекеттің тұтқындармен алмасуы Швейцария үкіметінің араласуыменен жүзеге асты.

Айта кетейік, Ирандағы 1979 жылғы көтерілістен бері АҚШ-тың бұл елде дипломатиялық өкілдігі жоқ. Американың Ислам Республикасындағы мүдделерін Швейцария қорғайды.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#АҚШ #Иран