Экс-Энергетика вице-министрі Анатолий Шкарупа, мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың атына арыз жазды, деп хабарлайды Oinet.kz сайты.
Бұл ақпаратты сотта министрдің құқығын қорғайтын адвокат Нұрлан Бейсекеев желідегі парақшасында мәлімдеді. Өз жазбасында құқық қорғаушы өз қорғауындағы азаматтың арызына президент назар аударады деп үміттенетінін айтты.
Адвокат Шкарупа жазған хатында "елдегі соттардың азаматтардың жеке бас бостандығына конституциялық құқығын бұзуы" туралы дәлелдер келтіргенін атап өтті.
Одан бөлек, құқық қорғаушы хатты Бас прокуратураға жолдамауды сұрады. Заңгердің сөзінше, онда "бұл құқыққа бей-жай қараған". Сөз соңында Бейсекеев өзіне Президент әкімшілігінде аталған қылмыстық істің заңдылығын сараптайтын жұмыс тобы құрылғаны мәлім екенін түртіп өтті.
Айта кетейік, осыған дейін бұрынғы шенеунік 215 млн теңге жымқырды деп күдіктелуде. Сот аталған іске байланысты процесті бастап кетті. Күдіктілер қатарында тек Шкарупа ғана емес, тағы екі шенеунік бар. Олардың мемлекеттік бюджет қаражатын ұрлауға немесе жымқыруға байланысы бар болуы мүмкін.