Елбасы Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев IT қоғамдастығымен кездесу өткізіп, қалада ІТ-кеңес құрылатынын айтты, деп хабарлайды Sn.kz.
«Біздің қаламыз осы саладағы әлемнің барынша инновациялы, ілгері дамыған қаласы болады және болуы тиіс. Бұл сауда басымдылығы бар экономиканың құрылымын өзгертіп, мегаполис өмірінде ІТ-қоғамдастығының үлесін кеңейтеді», - дейді Б.Сағынтаев.
Ресей мен ТМД-дағы «Orange Business Services» бизнес-шешімдер мен инновациялар департаментінің директоры Елена Краушкинаның айтуынша, Алматы IT-кеңесі дер кезінде құрылды. Енді оның мүмкіндігін бизнес пен билік арасындағы дәнекерлікке жұмылдыру керек. 2019 жылдың үшінші тоқсанының қорытындысы бойынша Алматыдағы заттар интернеті мобилді байланыс нарығымен салыстырғанда 3,5 есеге көбейіпті.
Нұрлан Исиннің сөзінше, барлық саланы бірдей қамтып, озып шығу мүмкін емес. Сондықтан мүмкіндігімізге сай келетін, шамамыз көтеретін секторларға қаржы салғанымыз дұрыс шығар. IT саласында бағыт-бағдар нақтыланбай, консенсусқа жету мүмкін емес.
«Алматының IT мүмкіндігін Қазақстанның мүмкіндігінен бөліп қарауға болмайды. Сондықтан Алматының IT секторының мүмкіндігі мемлекеттік деңгейде зерттелуі керек. Бағыт пен бағдар зерттеу нәтижесі бойынша нақтылануы керек. Алматы әкімдігі жанынан құрылған IT-кеңесі осы мәселелерді тереңдеп зерттеуді қолға алуы тиіс. Бұл бағыт-бағдарларды дұрыстап үйлестіруге мүмкіндік береді», - дейді Нұрлан Исин.