$ 494.87  520.65  4.91

Экс-президент билікті басып алмақ болған

Ал экс-президент Атамбаев тұтқындалғаннан кейін оған қарсы күш қолданғаны туралы кейбір айыптарды арнайы комиссия теріске шығарды.

Алмазбек Атамбаев билікті күшпен басып алуды жоспарлаған – Қырғызстан Жоғары кеңесі жанында құрылған Қой-Таштағы оқиғалар бойынша арнайы комиссия осындай қорытынды шығарды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы qazaqtimes-қа сілтеме жасай отырып.

Мем. Аталған комиссиясының қортындысында Атамбаевты мәжбүрлеп сұраққа алып келу заңды жүзеге асырылғандығы айтылады.

«Ең негізгі тиянақ –экс-президенттің заңсыз әрекеттері Қой-Таштағы оқиғаларға түрткі болды. Күштік құрылым өкілдерінің әрекеттерінде де қателіктер бар екені мәлім», – делінген қорытынды мәлімдемеде.

Ал экс-президент Атамбаев тұтқындалғаннан кейін оған қарсы күш қолданғаны туралы кейбір айыптарды арнайы комиссия теріске шығарды. Қой-Таштағы оқиғаны мемлекеттік комиссия 4 айдан астам уақыт тексерген екен. Комиссия мүшелері арасында күштік құрылым өкілдерінің әрекеттері туралы қатаң позиция ұстанғандар да болды. Қараша айының басында Атамбаев қамауда болған кезінде ағаш рет мәлімдеме жасап, Қой-Таштағы 7-8 тамыз күндеріндегі оқиғалардың басты себебі құралды шабуыл деп көрсеткен еді.

Ол осы істердің бәріне қазіргі ел президенті Жиенбековты (Жээнбековты) кінәлаған болатын. Мемлекеттік комиссияның қортындысы бейсенбі күні парламенттің үлкен отырысында қаралмақ.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары