Алмазбек Атамбаев билікті күшпен басып алуды жоспарлаған – Қырғызстан Жоғары кеңесі жанында құрылған Қой-Таштағы оқиғалар бойынша арнайы комиссия осындай қорытынды шығарды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы qazaqtimes-қа сілтеме жасай отырып.
Мем. Аталған комиссиясының қортындысында Атамбаевты мәжбүрлеп сұраққа алып келу заңды жүзеге асырылғандығы айтылады.
«Ең негізгі тиянақ –экс-президенттің заңсыз әрекеттері Қой-Таштағы оқиғаларға түрткі болды. Күштік құрылым өкілдерінің әрекеттерінде де қателіктер бар екені мәлім», – делінген қорытынды мәлімдемеде.
Ал экс-президент Атамбаев тұтқындалғаннан кейін оған қарсы күш қолданғаны туралы кейбір айыптарды арнайы комиссия теріске шығарды. Қой-Таштағы оқиғаны мемлекеттік комиссия 4 айдан астам уақыт тексерген екен. Комиссия мүшелері арасында күштік құрылым өкілдерінің әрекеттері туралы қатаң позиция ұстанғандар да болды. Қараша айының басында Атамбаев қамауда болған кезінде ағаш рет мәлімдеме жасап, Қой-Таштағы 7-8 тамыз күндеріндегі оқиғалардың басты себебі құралды шабуыл деп көрсеткен еді.
Ол осы істердің бәріне қазіргі ел президенті Жиенбековты (Жээнбековты) кінәлаған болатын. Мемлекеттік комиссияның қортындысы бейсенбі күні парламенттің үлкен отырысында қаралмақ.