12.12.2019, 11:30

«Ақша тіккен шығар»: Спорт министрі жиналыста телефонмен футбол көрді (ВИДЕО)

Министрдің тосын әрекеті жайлы видеоны біршама адам қарап үлгерген.

Айналасында болып жатқан мәселеге мән берместен, смартфон арқылы футбол ойынын тамашалағын министрдің әрекеті көпшіліктің таңдасынысын туғызды. Татарстанның спорт министрі Халықаралық спорт байланысын дамыту стратегиясы жайлы мәселе талқыға салынып жатқан сәтте қалта телефонына шұқшиып, футбол қарап отырғаны видеоға түсіп қалған, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Маңызды жиналыс  болған уақытта Чемпиондар лигасы арасында өткен ойында Германияның "Лейпцигі" мен Францияның "Лион" деп аталтын футбол командалары бір-бірімен жарысқан. Дәл сол кезде Татарстанның спорт министрі Владимир Леонов жиналыста көтеріліп жатқан мәселерден алшақтап, ойын бөліп, футбол тамашалауды жөн көрген сыңайлы. Ал ол аяқ допшылардың ойынына тамсанып отырғанда, Ресейдің спорт министрі Павел Колобков сөз сөйлеп тұрған. Бірақ, мұны елеген ол жоқ.

Министрдің тосын әрекеті жайлы видеоны біршама адам қарап үлгерген. Лауазымды тұлғаның бұл әрекетін youtube-тан көрген интернет қолданушылары "Қайта жөзөкшелерді жалдамапты", "Ойынға бәс (ақша) тіккен шығар, сондықтан бақылап отырған болуы мүмкін", "Сөйлеспей-ақ, жұмыстан қуу керек" деген пікірлер қалдырыпты.