12.12.2019, 15:45

«Мұндай шенеуніктерден бас тартып, құтылып отырамыз» - Тоқаев

Мемлекет басшысының айтуынша, алғашқы қадам Президенттік жастар кадрлық резервін қалыптастырумен байланысты екен.

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтардың шенеуніктердің делқұлылығы мен біліксіздігінен ада болатынын айтты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы, Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.  

"Әрбір шенеунік білуі тиіс, біз халықтың бір бөлігіміз, халық үшін ел ішінде жұмыс істейміз. Барлығын естіп отыратын мемлекет - бюрократияның ең асқынған түрінің болмауы. Бұл цифрландыру негізіндегі барлық процедураның ашықтығы. Мемлекеттік билік жүйесіне басқарушылардың жаңа толқынын тарту керек", - деді Қасым-Жомарт Тоқаев, Ақордада мемлекеттік наградаларды тапсыру рәсімінде.

Оның айтуынша, алғашқы қадам Президенттік жастар кадрлық резервін қалыптастырумен байланысты екен.

"Барлығын еститін мемлекетте әрбір азамат өзін қауіпсіз сезінуі және шенеуніктер тарапынан өзін-өзі ұстамдылық пен біліксіз көріністерден қорғауы тиіс. Мұндай шенеуніктерден бас тартып, құтылып отырамыз", - деп сендірді Мемлекет басшысы.