$ 514.65  544.6  5.17

Назарбаев ел алдына алғаш рет ордендерін тағып шықты

Бұл марапаттарға 2019 жылдың 20 наурызында ие болған еді.

«Астана Опера» театрында өткен салтанатты шарада экс-президент Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқын Тәуелсіздік күнімен құттықтап, 28 жыл ішінде еліміз басқа мемлекеттер ғасырлап жететін белестерден асқанын атап өтті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы, Stan.kz-ке сілтеме жасап.

Ол ел алдына алғаш рет мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев табыс еткен Халық қаһарманы және Еңбек Ері мемлекеттік ордендерін тағып шықты. Бұл марапаттарға 2019 жылдың 20 наурызында ие болған еді.

«1991 жылы 16 желтоқсанда арнайы заң қабылдап, бүкіл әлемге Қазақстанның тәуелсіздігін жарияладық. Біз елдігіміздің жаңа дәуірінің негізін қалап, куәгерлері болдық. Ата-бабаларымыздың сан ғасырлық арманын орындау мәртебесі біздің буынға бұйырғанын мақтан тұтамын», - деді ол.

Мемлекетіміздің басты мерекесініе орай ұйымдастырылған салтанатты концертке Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев, Мәжіліс спикері Нұрлан Нығматулин, Министрлер кабинетінің басшысы Асқар Мамин, т.б. басшы-қосшылар қатысты.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары