$ 514.65  544.6  5.17

Трамп президент қызметімен қош айтысуы мүмкін

Трампты «билікті асыра пайдаланды», «Зеленскиймен кездесуде алдағы сайлауға ықпал ету үшін қызметін пайдаланды» деп айыптап отыр.

АҚШ конгресінің өкілдер палатасы президент Д. Трампқа қарсы импичментті жақтап дауыс берді. Осылайша, Трампқа тықыр таянды, деп жазады arasha.kz. 

Енді импичментті жақтап, сенаторлардың 2/3 дауыс берсе, онда Трамп президент қызметімен қоштасады. Алайда, сенаттың басым бөлігі - республикашылдар. Яғни, Трамптың партияластары. Сондықтан олардың импичментті жақтап дауыс бере қоюы екіталай. Кейбір сарапшылар Трамп осы өткелектен өтсе, екінші рет президент сайлауына түседі деп болжап жатыр.

Трампты «билікті асыра пайдаланды», «Зеленскиймен кездесуде алдағы сайлауға ықпал ету үшін қызметін пайдаланды» деп айыптап отыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары