20.12.2019, 14:45

«Латын әліпбиіне қатысты ұсынылған үш нұсқа да шикі болып шықты» - Тоқаев

Президенттің айтуынша, бұл жерде кириллицаны латынға ыңғайластыра салу туралы ғана сөз болып отырған жоқ.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев латын әліпбиіне көшуде асығыстық танытуға болмайтынын айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

"Бұл мәселеде асығыстық танытуға болмайды. Жаңа әліпбиді енгізу үшін барлығын жіті салмақтап, жан-жақты талдау жасап, пысықтау қажет. Ұсынылған үш нұсқа да шикі болып шықты. Мәселеге ғылыми тұрғыдан қарау керек", - деді Тоқаев ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің екінші отырысында.

Президенттің айтуынша, бұл жерде кириллицаны латынға ыңғайластыра салу туралы ғана сөз болып отырған жоқ.

"Қазақ тілін реформалау, қажет болса, тілімізді жаңғырту қажет. Тағы бір мәрте мәлімдеймін, біз қазақ тілін реформалап жатырмыз. Ұлтымыз үшін мұндай тарихи мәселеде науқаншылдық пен бейқамдыққа жол жоқ!", - деді Тоқаев.

Тегтер: Тоқаев латын