$ 498.34  519.72  4.85

Путин Орталық Азия елдерінде жаппай орыс білім ошақтарын ашуды жоспарлап отыр

«Орыс тілі курстарын, мектептерін, университет бөлімшелерін ашуымыз керек. Осы кезде адамдар өздерін жайлы сезінеді. Қазіргідей жайсыздық болмайды», - деді Ресей басшысы.
фото: dw.com
фото: dw.com

Ресей президенті Владимир Путин Орталық Азия елдеріне Ресей білім жүйесін енгізу қажеттігін айтты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы, bugin.kz-ке сілтеме жасап.

Путиннің сөзінше, орыс мәдениеті мен дәстүрін білетін және сыйлайтын украин, беларусь, молдавандарға Ресейде бейімделу оңай. Ал Орталық Азия елдерінің өкілдеріне бұл өте қиын. Сол себепті, аймаққа Ресей білім жүйесін енгізіп, орыс тілі курстарын көптеп ашу қажет екен.

«Бізде қазір 3 миллион украиндық өмір сүреді. Донбастағы қайғылы жағдайдан кейін дәл осынша адам көшіп келді. Ресейде Орталық Азия елдері халықтарына бейімделу өте ауыр. Сол себепті, біз сол жаққа өз білім жүйемізді енгізуіміз қажет. Орыс тілі курстарын, мектептерін, университет бөлімшелерін ашуымыз керек. Осы кезде адамдар өздерін жайлы сезінеді. Қазіргідей жайсыздық болмайды», - деді Ресей басшысы.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары