Қазақ күресінен VIII әлем чемпионаты өз мәресіне жетті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Елордадағы "Дәулет" спорт кешенінде қазақ күресінен өткен VIII әлем біріншілігіне 28 елден 300-ге жуық спортшы қатысты.
Бүгін қыздар 70, 75, 75+ келі салмақ бойынша күш сынасса, ерлер 90, 100, 100+ келі салмақта өзара мықтыны анықтады. Бұл күні қазақтың балуан қыздары тек жүлделі орындардан көрінді. Ал ерлер құрамасында 90 келі салмақта сынға түскен Дастан Ықыбаев қарсылас шақ келтірмей, қазақ күресінен әлем чемпионы атанды. Ал 100 келіден жоғары салмақта қазақтың намысын қорғаған Талғат Әмренов қола жүлдені қанағат тұтты.
Кімдер жеңіске жетті
Қыздар арасында:
70 келі
75 келі
75 келіден жоғары
Ерлер арасында:
90 келі
100 келі
100 келіден жоғары
Айта кетейік, елордадағы "Дәулет" спорт кешенінде қазақ күресінен өткен VIII әлем чемпионатында 28 елден 300-ге жуық спортшы қатысты. Жарыстың жалпы жүлдеқоры – 75 мың доллар, бұл шамамен 28 миллион теңге.
Кеше де ерлер мен қыздар үш-үш салмақ дәрежесінде өзара мықтыны анықтады. Алайда бұл күні тек 60 келіде белдескен қазақ балуаны Архат Қайырбеков алтыннан алқа тақты. Отандасымыз моңғолиялық балуаннан айласын асырып, әлем чемпионы атанды.
Әлем біріншілігі UWW ресми өкілдері мен халықаралық дәрежедегі төрешілерінің қатысуымен өтті.
Қазақ күресінен VIII әлем чемпионатын біріккен күрес әлемі, Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі, дүниежүзілік қазақ күресі федерациясы ұйымдастырды.