$ 494.87  520.65  4.91

Жарты жылда Қытайдан Қазақстанға 900 млн доллар инвестиция тартылған

Қытайлық шекараның мәліметіне сай, алғаш рет өзара тауар айналымы 20 млрд доллардан асып жығылмақ.
фото: Aikyn.kz
фото: Aikyn.kz

Биыл Қазақстан мен Қытай ынтымақтастығы үшін жемісті жыл болды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қытайлық сарапшылар осылай дейді. Сәуір айында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаетың «Бір белдеу – бір жол» саммитіне қатысуы және Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың қыркүйек айындағы Қытайға алғашқы ресми сапары өзара алыс-берісті еселеген. Мемлекет басшысының сапары барысында Қазақстан мен Қытай Іскерлік кеңесінің 6-отырысы өтіп, тараптар бірқатар коммерциялық келісімдерге қол қойған. 

Қазақстан Ұлттық банкінің ақпары бойынша, жарты жыл ішінде ресми Бейжің елімізге 900 млн доллар көлемінде инвестиция салыпты. Ал қытайлық шекараның мәліметіне сай, алғаш рет өзара тауар айналымы 20 млрд доллардан асып жығылмақ. 

"Инвестиция саласында бірқатар жетістіктерге жетіп отырмыз. Оған «Бір белдеу – бір жол» стратегиясы мен «Нұрлы жол» бағдарламасының ұқсастығы әсер етсе керек. Қытай өз қаржысын Қазақстанның өндіріс, құрылыс, инфрақұрылым, ауыл шаруашылығы сынды салаларына құйды. Одан бөлек, жоғары технологиялар, инновация, медицина және туризм бойынша инвестициялық серіктестікті дамыту жоспарда бар", - дейді ҚХР Ресей, Шығыс Еуропа және Орталық Азия бойынша институты бөлім басшысының орынбасары Ян Цзинь. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары