$ 514.65  544.6  5.17

«Артық қыламын деп тыртық қылу»: Қонаевқа ұқсатылған Ерлан Қарин сынға ұшырады

Қазақ билігінің өткені мен бүгініндегі қос саясаткерді facebook желісінде «шамаластырып» көрген Әнуар Шотбай, Бауыржан Серікбаев, Асқар Ағатаев атты азаматтар, неге екені белгісіз, сол жазбаларын парақшаларынан өшіріп тастады.

Желі қолданушылар өздерінің facebook парақшаларына бірінен соң бірі Дінмұхамед Қонаев пен Ерлан Қариннің суреттерін жариялап, сырт келбеті мен мемлекеттік қызметтегі қарым-қабілеттерін ұқсатқан еді. Сол-ақ екен, біраз қоғам белсенділері мен журналистер екеуінен түк ұқсастық таппағандарын айтып, сол жазба иелеріне жағымпаздықтың шегі болуы керектігін ескертті, деп жазады Skifnews.kz ақпарат порталы.

Қазақ билігінің өткені мен бүгініндегі қос саясаткерді facebook желісінде «шамаластырып» көрген Әнуар Шотбай, Бауыржан Серікбаев, Асқар Ағатаев атты азаматтар, неге екені белгісіз, сол жазбаларын парақшаларынан өшіріп тастады. Ал біз онысын дер кезінде «Көптен бері байқап жүрмін»: желі қолданушылары Қарин мен Қонаевтан қатты ұқсастық табуда» деген тақырыппен жариялаған едік.

Аталған мақаланың тақырыбын көшіріп алып, алдымен әріптесіміз Арман Сқабылұлы өзінің facebook парақшасына жоғарыдағы азаматтарды сынаған пост жазды.

«Ерлан Қарин ТВ төрағалығынан кеңесшілікке кеткенде екі сағатта (әдетте екі-үш күн уақыт керек) ол жайында бейнеролик дайындап, оның ғажап басшы болғанын баяндаған жігіттер енді Ерекеңді Қонаевпен салыстыра бастады. Түрлерінен ұқсастық іздеп әуре. Қолдан әулие жасауға болмайды, жігіттер! Әлеуметтік желі әлемінде біраз «ерботтардың» бар екенін білеміз. Тым болмаса, бұлай ашық кетпесеңдерші!» - деді Арман Сқабылұлы.

Одан кейін қоғам белсендісі Дина Елгезек те сол тақырыпты негізге алып: «Жағымпаздықта шек болу керек қой?!» деген ренішін білдірді.

Осы орайда, кейінгі екі жазбаны қолдап-қолпаштай кеткендердің қатары алғашқы үш азаматтікінен басым түсті.

«Жасампаздықты жағымпаздықпен шатастырып тұрады көбісі», «Ешқандай ұқсастығы жоқ. Қонаев – ұлы тұлға. Ол адамға ұқсатуға қалай дәті барды?», «Кім екен ұқсатып тұрған? Окулистке қаратып алу керек», «Біреуі европалыққа, біреуі тайландтыққа ұқсайды», «Жағымпаздықтан «челлендж» жүріп жатқан сияқты», «Ұқсастық сырттай болуы мүмкін, бір қарағанда. Ал былай келмейді. Қонаевтай тұлға қазаққа бір-ақ рет берілген», «Осындай бірдеңелерді оқысам, елсізге, көз көрмес, құлақ естімеске кетіп немесе тау-тасты кезіп, диуана боп кеткім келеді»... деп шуласты көпшілік.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары