Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Әзербайжан президенті Ильхам Әлиевпен телефон арқылы сөйлесті. Қазақстан басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев әзербайжандық әріптесі Ильхам Әлиевті туған күнімен құттықтады,-деп хабарлайды sputniknews.kz.
Ақорда баспасөз қызметінің мәліметінше, мемлекет басшысы Тоқаев Әлиевпен телефон арқылы сөйлесіп, әзербайжан халқының игілігі жолында атқарып жатқан мемлекеттік қызметіне сәттілік тіледі.
"Қасым-Жомарт Тоқаев Ильхам Әлиевтің екіжақты ынтымақтастықты дамытуға қосқан үлесін жоғары бағалап, Қазақстанның екі ел арасындағы стратегиялық серіктестікті нығайтуға мүдделі екенін атап айтты", - деп хабарлайды Қазақстан президентінің баспасөз қызметі.