$ 494.87  520.65  4.91

ҰҚК ұсынған заң жобасы мәжілісте мақұлданды

Н. Білісбековтің сөзіне сенсек, құжат ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің экстремизимге қарсы күрес саласында өзара іс-қимылын қалыптастырады.

Мәжілістің жалпы отырысында ҰҚК-нің "Шанхай ынтымақтастық ұйымының экстремизмге қарсы іс-қимыл жөніндегі конвенциясын ратификациялау туралы" заң жобасы қолтау тапты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Жаңа заң жобасын талқылау барысында 103 депутат бірауыздан экстримизге қатысты заңға келіскен.

"Конвенцияға Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттердің басшылары 2017 жылғы маусымда Нұр-Сұлтан қаласында қол қойған болатын. Құжаттың мақсаты – ШЫҰ-ға мүше елдердің экстремизмге қарсы іс-қимыл саласында өзара әрекеттестігінің тиімділігін арттыру. Конвенция экстремизм түсінігін тұңғыш рет халықаралық деңгейде деструктивті көрініс ретінде белгілейді. Оның мазмұны мен экстремистік іс-әрекеттің негізгі түрлерін анықтайды", - деді Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары Нұрғали Білісбеков.

Н. Білісбековтің сөзіне сенсек, құжат ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің экстремизимге қарсы күрес саласында өзара іс-қимылын қалыптастырады.

Конвенцияны іске асыру - ШЫҰ елдерінің аумағында экстремистік ұйымдардың мүшелерін кіргізбеу үшін шекаралық ынтымақтастықты күшейтуге; экстремизмге қарсы шаралар әзірлеу мен іске асыруда халықаралық және өңірлік ұйымдармен өзара іс-қимылды арттыруға; экстремизмге қарсы іс-қимылдың насихатталуын, соның ішінде БАҚ пен интернет желісінде күшейтуге; экстремистік идеологияның таралуын уақытылы анықтау мен жолын кесу мақсатында мониторинг жүргізуді жетілдіруге мүмкіндік береді.

"Конвенцияның ережелерін іске асыру қолданыстағы заңнамаға өзгерістер енгізуді, сондай-ақ, жаңа заңдар мен өзге де нормативтік актілерді қабылдауды талап етпейді. Себебі, әрбір мемлекетте күшіне енген нормативтік актілер пайдаланылатын болады", - деді Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#ҰҚК