25.12.2019, 05:20

Әзербайжан президенті 58 жасқа толды

Фото: rus.azattyq-ruhy.kz
Ақорда баспасөз қызметінің мәліметінше, мемлекет басшысы Тоқаев Әлиевпен телефон арқылы сөйлесіп, әзербайжан халқының игілігі жолында атқарып жатқан мемлекеттік қызметіне сәттілік тіледі.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Әзербайжан президенті Ильхам Әлиевпен телефон арқылы сөйлесті. Қазақстан басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев әзербайжандық әріптесі Ильхам Әлиевті туған күнімен құттықтады,-деп хабарлайды sputniknews.kz.

Ақорда баспасөз қызметінің мәліметінше, мемлекет басшысы Тоқаев Әлиевпен телефон арқылы сөйлесіп, әзербайжан халқының игілігі жолында атқарып жатқан мемлекеттік қызметіне сәттілік тіледі.

"Қасым-Жомарт Тоқаев Ильхам Әлиевтің екіжақты ынтымақтастықты дамытуға қосқан үлесін жоғары бағалап, Қазақстанның екі ел арасындағы стратегиялық серіктестікті нығайтуға мүдделі екенін атап айтты", - деп хабарлайды Қазақстан президентінің баспасөз қызметі.