$ 494.87  520.65  4.91

Назарбаев Путиннің мінезі жайлы айтты

Назарбаев 2000 жылы Ресей президенті атанған Путиннің сол кезде-ақ мол саяси тәжірибесі болғанын айтты.

Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев РИА Новости басылымына берген сұқбатында Ресей басшысы Владимир Путинмен кездесулері қалай өткенін айтып берді.

Елбасының айтуынша, екеуінің арасында сенімді қарым-қатынас орнаған. Әр кездесу бекітілген регламент шегінен асып, хаттама бойынша бөлінген уақыт та жиі созылып кетеді.

"Біз мәселелерді жиі талқылаймыз, пікір алмасамыз, кейде дауласамыз, өз ұстанымдарымыздың дұрыстығын дәлелдеуге тырысамыз. Бұл Еуразияның екі ірі мемлекеті басшыларының жұмыс барысы. Пікірталастан ақиқат туындайтыны белгілі", - деп атап өтті Назарбаев.

Бұған қоса, Нұрсұлтан Назарбаев 2000 жылы Ресей президенті атанған Путиннің сол кезде-ақ мол саяси тәжірибесі болғанын айтты.

"Сондай-ақ, ол ашық болды, ол достары мен әріптестерінің пікірін тыңдауға дайын болды", - деп толықтырды Қазақстанның тұңғыш президенті.

Елбасы Ресей президентінің уәдесін алу оңай емес екенін де жеткізді.

"Путин үшін өз уәдеңді орындау – ар-намыс ісі. Дегенмен, оның уәдесін алу оңай емес екенін атап өткім келеді. Владимир Владимирович - нағыз достықтың құнын білетін адам", - деді Назарбаев.

Дереккөз: Sputniknews.kz

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары