$ 494.87  520.65  4.91

«Мұны қалай ұғуға болатынын білмеймін»: дипломатиялық дау шықты

Президент әкімшілігі өкілдері берген түсініктеме бойынша бұл сөздерді Си Цзиньпин айтқан, ал президент Мун тек оны тыңдаған екен.

Бұған ақпарат құралдары мен Қытай Сыртқы істер министрлігінің таратқан хабары себеп болды. Оған қарағанда, Корея республикасының президенті Мун Чже Ин Қытай басшысы Си Цзиньпинмен өткен кездесуінде «Гонконг және Шыңжаң Ұйғыр автономиялық ауданға қатысты мәселелер Қытайдың ішкі саясатының құзырына жатады», - деп мәлімдеген көрінеді.

Алайда, президент әкімшілігінің өкілдері берген түсініктеме бойынша, бұл сөздерді Си Цзиньпин айтқан, ал президент Мун тек оны тыңдаған екен. 

Ким Ин Чоль, Корея Республикасы СІМ ресми өкілі: "Осы хабар бойынша түсініктеме берілді. Сіз берген сұрақтың барлық тұстарын тексереміз. Өйткені, осы сауалға қатысты тұлғалар қазір Қытайда жүр".

Журналист: "Егер Сыртқы істер министрлігі деректердің бұрмалануына өз наразылығын білдірмесе, бұл еліміз Қытайдың Гонконг және Шыңжаңға қатысты ұстанымын мойындайтынын білдіре ме?" 

Жауап: "Кеше бұл жөнінде анық түсініктеме берілді. Бұл Қытай тарабы жағынан жасалған мәлімдеме болды және біз оны тыңдап шықтық. Ал бұны қалай ұғуға болатынын мен білмеймін".

Дереккөз: Хабар 24

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#Корея #Қытай