$ 494.87  520.65  4.91

Нұр-Сұлтан қаласының әкімі 6 айда 700-ден астам тұрғынды жеке қабылдаған

Баспасөз қызметінің мәліметтеріне қарағанда, тұрғындар кездесу барысында тұрғын үй бағдарламаларына қатысу, медициналық көмек көрсету, жұмысқа орналасу, білім алу, ерекше қажеттіліктері бар балаларды оңалту және т. б. мәселелерді көтерді.
Фото: inform.kz
Фото: inform.kz

Елорда әкімі Алтай Көлгінов кезекті жеке қабылдау өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат елорда әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің мәліметтеріне қарағанда, тұрғындар кездесу барысында тұрғын үй бағдарламаларына қатысу, медициналық көмек көрсету, жұмысқа орналасу, білім алу, ерекше қажеттіліктері бар балаларды оңалту және т. б. мәселелерді көтерді. Президенттің «халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасына көшу мен кері байланысты нығайту бойынша тапсырмасын жүзеге асыру мақсатында әкімдік тұрақты негізде тұрғындармен кездесулер өткізеді. Сондай-ақ халықпен «ашық микрофон» форматында кездесулер өтеді.

«Жеке қабылдауда шахмат бойынша әлем чемпионы болды. Елорда әкімі Алтай Көлгінов шахмат федерациясына қолдау көрсететінін айтты. Жарты жылда қала әкімі Алтай Көлгінов 700 - ден астам адамды жеке қабылдаса, әкімнің орынбасарлары 2,5 мыңнан астам адамды қабылдады. Ал аудан әкімдері 8 мыңнан астам адамды қабылдады. Сұрақтардың басым бөлігі шешілді, қалғандары жұмысқа алынды. Азаматтарды қабылдау «Жанұя« отбасы институтын қолдау орталығында өтеді. Онда «бір терезе« қағидаты бойынша мамандар 70-тен астам қызмет көрсетеді. Ашылған сәттен бастап (26.08.2019 ж.) 14,8 мың сұрақпен 7 мыңға жуық адам орталыққа жүгінді. 11,5 мыңнан астам кеңес берілді, 3.5 мыңнан астам мәселе сол жерде шешілді»,-делінген хабарламада.

 


 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары