$ 498.34  519.72  4.85

Серік Әбікен: «Бұл түркі-«үндістердің» тышқанға қарап «өлі-тірі» күресін болжайтын дәстүрі!»

Қазақша санақ бойынша ертелеу десек те ертең түнде күнтізбелік тышқан жылы кіреді.

Журналист Серік Әбікен түркі-«үндістердің» тышқанға қарап «өлі-тірі» күресін болжайтын дәстүрі екенін айтты. Бұл туралы ол Facebook-парақшасында жазды.

Қазақша санақ бойынша ертелеу десек те ертең түнде күнтізбелік тышқан жылы кіреді:

Тышқан - тірі өліні жеңгенде қаптай қыбырлап, жер бетінде тіршілік барын байқатушы, тіршілік басталғанының хабаршысы.

Дәлелді алыстан іздемейін дүние жүзіне танымал «День сурка» -«Суыр күні» деген фильм бар. Режиссері — Гарольд Рэмис. АҚШ халқына «үндістерден» мұраға қалған аңызды желіс еткен картинаны көргендер суырға қатысты мерекенің маңызын түсінген болар.

Америкалықтар ақпан айының басында суырдың іннен шыққанын аңдиды. Егер суыр іннен басын шығарып, өз көлеңкесін көріп үріксе қыс ұзақ болады. Ол басын қылтитқанда көлеңке жоқ болып, суыр жайбарақат сыртқа шықса 2 аптадан соң жер беті жібіп, көктем күш ала бастайды деп болжанған.

Бұл 30 мыңдай жыл бұрын Алтайдан жаңа жерге мойнақ арқылы барған түркі-«үндістердің» тышқанға қарап «өлі-тірі» күресін болжайтын дәстүрі!

 

"Мешін деген не?", үзінді

Тірлік мәнді болсын

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#Серік Әбікен