$ 494.87  520.65  4.91

Серікболсын Әбділдиннің отбасына алдымен елбасы емес, президент көңіл айтты

«Енді Елбасының көңіл айтуы орынды деп санаймын... Жерлеу рәсіміне Үкімет, Парламент басшылары мен депутаттар, туған өлкесі – Шығыс Қазақстан әкімшілігі қатысуы қажет».

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев белгілі қоғам қайраткері Серікболсын Әбділдиннің отбасына көңіл айтты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Бұл туралы бүгін президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли өзінің facebook парақшасына жазды.

«Белгілі қоғам қайраткері жəне ғалым Серікболсын Əбділдиннің қайтыс болуына байланысты орны толмас қайғыларыңызға ортақтасып, көңіл айтамын. Серікболсын Əбділдəұлы – елімізді дамыту жəне парламентаризмді қалыптастыру ісінде өзіндік қолтаңбасын қалдырған тұлға. Марқұмның топырағы торқа, жаны жәннатта, иманы саламат болсын!» деп жазылған президенттің жеделхатында.

Ал осы жазбаның астына Мейрамхан Кыдырбаев есімді желі қолданушы: «Енді Елбасының көңіл айтуы орынды деп санаймын... Жерлеу рәсіміне Үкімет, Парламент басшылары мен депутаттар, туған өлкесі – Шығыс Қазақстан әкімшілігі қатысуы қажет» деп пікір қалдырды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары