Қасым-Жомарт Тоқаевтың президент ретінде халықты Жаңа жылмен алғаш құттықтауы елдің көңілінен шықты. Қазір әлеуметтік желілерде ол туралы жақсы пікірлер қалыптасуда, деп жазады Skifnews.kz ақпарат порталы.
Біріншіден, 29 жылда алғаш рет ел президенті қолына шампан ішімдігін ұстап тұрмады.
Екіншіден, 29 жылда алғаш рет президент шыршаның емес, көк байрақтың жанында тұрып сөз сөйледі.
Үшіншіден, 29 жылда алғаш рет президент құттықтауынан кейін әнұран шырқалды.
«Елін сүйген, елі сүйген...» деген мадақты үнемі иемденіп жүру оңай емес, әрине. Қалың қауым әдетте көз алдындағы азаматтарын осындай әрбір іс-әрекеттері арқылы бағалап отырады. Хал-қадірінше оң бағаға лайық болғанға не жетсін?!.