Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлады.
«Мәслиxат және мәжіліс депутаттарын сайлауды бірлесіп өткізу арқылы біз бюджеттік қаражатты едәуір үнемдейтін боламыз. Үнем көлемі шамамен 4,8 млрд теңгені құрап отыр. Жалпы сайлау науқанына біз шамамен 8 млрд теңге бөлінеді деп қарастырып отырмыз», – деді ол.
Оның айтуынша, жалпы парламент мәжілісіне 107 депутат, жергілікті мәслиxатқа 3 335 депутат сайланады.
Айта кетейік, ҚР парламент мәжілісінің және мәслиxат депутаттарын сайлау 20 наурызға, ҚХА атынан ұсынылатын депутаттардың сайлауы 21 наурызға белгіленді.
Естеріңізге салайық, бұған дейін сайлау өткізу туралы бастаманы қолдаған қазақстандық сарапшылар "уақытынан бұрын сайлау өткізу қаржыны үнемдейді" деп пікір айтқан болатын.