21.01.2016, 06:28

Ұзақбай Қарабалин қызметінен босады

Осыған дейін ҚР Энергетика министрінің бірінші орынбасары болып келген Ұзақбай Қарабалин зейнеткерлікке шығуына байланысты қызметінен босатылды. Бұл жайында ведомствоның баспасөз қызметі хабарлап отыр. Вице-министр орнын босатуы туралы қаулыға ҚР Премьер-министрі Кәрім Мәсімов қол қойған.

Министрліктегілердің айтуынша, Қарабалинді ұжымы салтанатты түрде шығарып салған.

"Бірінші вице-министрге алғыстарын министр В.С.Школьник, министрліктің жауапты хатшысы К.Б.Сафинов, вице-министр М.М.Мырзағалиев және Мұнай өндірісін дамыту департаментінің басшысы К.С.Құлмурзин білдірді" дейді ведомствоның баспасөзс қызметіндегілер.

Айта кетейік, 69 жастағы Ұзақбай Қарабалин Атырау облысының тумасы. Ол Мәскеудегі И.М.Губкин атындағы мұнай-химия жэәне газ өндірісі институтын тәмамдаған. Саналы ғұмырын Қазақстандағы мұнай-газ саласының дамуына арнады.